Қазақстан Олимпиадаға толық құраммен барады

Қазақстан Олимпиадаға толық құраммен барады

Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде Сәкен Бибосынов жұбаныш жекпе-жегіне шықты.

<span>52 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапқан болатын. Осылайша ол жұбаныш жекпе-жегіне шығуға мүмкіндік алып, Филиппин өкілі Карло Пааламды жеңді.</span>

<span>Осылайша Сәкен Бибосынов қазақстандық боксшылардың ішінен соңғы болып жолдаманы иеленді. Енді Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына толық құраммен барады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или