Қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты

Қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты

Қазақстандық боксшы Николай Швабтың (3-0, 2 КО) 14 наурызда кездесетін қарсыласы ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз 14 наурыз күні Атлантада америкалық Бернелл Дженкинспен (1-1, 1 КО) кездесуі керек болатын. Алайда жекпе-жекке санаулы күндер қалғанда қарсыласы ауысты. Николай енді кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен 23 жастағы америкалық боксшы Демариус Дайвермен кездеседі.

Айта кетейік, Николай Шваб өзінің соңғы жекпе-жегін 8 ақпанда Дейтона Бичте (Флорида, АҚШ) өткізді. Ол кезде жергілікті боксшы Том Миллсті (1-12, 1 КО) бірінші раундта жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или