Іріктеу турнирі: 11 наурызда финалдық кездесулер өтеді

Іріктеу турнирі: 11 наурызда финалдық кездесулер өтеді

Бүгін, 11 наурызда Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирінің финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық сында төрт қазақстандық боксшы өнер көрсетеді.<br />

Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессия аясында Токио Олимпиадасына лицензия алу үшін қосымша жекпе-жектер өтеді. Сол қатарда қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (52 келі)өнер көрсетеді.  Карло Пааламмен (Филиппин) таласады.

Ал елорда уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияда төрт қазақстандық боксшы іріктеу турнирінің алтын медалі үшін жекпе-жек өткізеді. Олар: Закир Сафиуллин (63 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі) және Василий Левит (91 келі). 

Күндізгі сессия, 15:00-де басталады

52 келіге дейін

Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Карло Паалам (Филиппины).

Кешкі сессия, 21:00-де басталады

63 келіге дейін

Закир Сафиуллин (Қазақстан) - Эльнур Абдураимов (Өзбекстан)

75 келіге дейін

Эумир Марсьяль (Филиппин) - Әбілхан Аманқұл (Қазақстан)

81 келіге дейін

Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан) - Пауло Аокусо (Австралия)

91 келіге дейін

Василий Левит (Қазақстан) - Дэвид Ника (Жаңа Зеландия)

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын<span> </span>Qazsport<span> </span>телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или