Сафиуллин Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды
63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Аммандағы лицензиялық турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz
Ширек финалдағы жекпе-жекте Зәкір ирандық Ашкан Резаеиге қарсы қарсы өнер көрсетті. Төрешілердің бірауызда шешімімен Сафиуллин жеңіске жетті. <br />Қазақстандық спортшы жарыстың жартылай финалына шығу арқылы, Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. <br /><br />Осыған дейін Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов,Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев және Надежда Рябец Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или