Вадим Шарлаимов Будапешттегі Гран-при турнирінің жартылай финалына шықты

Венгрия астанасы Будапештте шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирі өтіп жатыр. Қазақстан командасының мүшесі Вадим Шарлаимов турнирдің жартылай финалында бақ сынайды.
Шарлаимов 1/96 айналымға өту барысында Қырғызстан өкілі Данышман Жұмабайуулын 15:7 есебімен ұтты.
1/64 айналым кездесуінде Вадим Израиль спортшысы Фрейлих Ювал Шаломды 15:12 есебімен жеңген.
1/32 айналымда испаниялық Анхель Фабрегатты 15:11 есебімен жеңсе, 1/16 кезеңде нидерландық Бас Вирвилленнен 15:10 есебімен басым түсті.
1/8 айналымда Вадим финляндиялық Нико Вуориненді, 1/4 кезеңде жапониялық Минобе Казяйсуді жеңді.
Жартылай финалда Вадим Шарлаимов франциялық Яник Борельмен кездеседі.
Айта кетелік, бұл қазақстандық спортшының әлемдік сындағы тырнақалды табыстарының бірі.