Іріктеу турнирі: 6 наурызда шаршы алаңға кімдер шығады
Бүгін Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирінің төртінші жарыс күні өтеді. Кезекті жарыс күнінде үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға көтерілмек.
Кешкі сессияда Ерік Алғабек жаттықтыратын қыздар командасы жарысты жалғастырады.
69 келідегі Валентина Хальзова Оңтүстік Корея өкілі Сюен Чоимен жұдырықтасады. 75 келідегі Надежда Рябец өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездеседі. Сондай-ақ, бүгін 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Кешкі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталатынын хабарлаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или