«Аталантаның» бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастырады

«Аталантаның» бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастырады

Кот-д'Ивуар құрамасының бұрынғы ойыншысы Мусса Коне Премьер-лигаға оралған «Қызыл-Жар» командасына ауысты. Бұл туралы петропавлдық команда ресми хабарлады.

30 жастағы футболшы жаңа командасының сапында жолдастық матчта алаңға шығып үлгерген. Отандық БАҚ-тың мәлімдеуінше, ивуарлық ойыншының айлығы 8 мың долларды құрайды.

Мусса Коне мансабында Италияның «Аталанта», «Пескара», «Варез», «Чезна» және тағы бірқатар командаларында доп тепкен. Оған қоса Кот-д'Ивуар құрамасының сапында бір матч өткізіп үлгерген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или