Эюбов 65 жекпе-жек өткізген боксшымен жұдырықтасады

Эюбов 65 жекпе-жек өткізген боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-2-1, 12 КО) келесі жекпе-жегін 13 наурызда Хинклидегі (Миннесота, АҚШ) Grand Casino аренасында өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтағы екі жеңілістен кейін «Баха-пуля» бір саты төменгі дивизионға оралып отыр. Ол енді бірінші жартылай орта салмақта 39 жастағы никарагуалық Карлос Уинстон Велазкеспен (27-36-2, 17 КО) жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Бахтияр Эюбов 10 қаңтарда өткізген соңғы жекпе-жегінде Джарон Эннистен (25-0, 23 КО) техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

Ал бірінші жартылай орта салмақтағы соңғы жекпе-жегі 2019 жылдың 15 ақпанында өтті. Ол кезде отандасымыз мексикалық Хосе Луис Родригеспен тең түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или