Қожамбердиев Алматыдағы бокс кешінің басты кездесуіне шығады

 Қожамбердиев Алматыдағы бокс кешінің басты кездесуіне шығады

25 наурызда Алматы циркінде Жалғас Түкешов промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com бокс статистикасы порталының хабарлауынша, кешке он төрт жекпе-жек жоспарланған.

Шоудың басты кездесуі Еділ Қожамбердиевтің (9-2, 9 КО) еншісінде. Он раундтық кездесуде ол 32 жастағы өзбек боксшысы Мухитдин Раджапбаевпен кездеседі (10-7-1, 7 КО).

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы жекпе-жекте Еділ Қожамбердиев 12 қазанда Алматыда өткен бокс кешінде үшінші раундта Әзірбайжан өкілі Казим Умудовты нокаутқа жіберді (3-2, 1 КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или