Басқа

Коронавирус әлегі. Италияда барлық спорттық шаралар жанкүйерсіз өтпек

Коронавирус әлегі. Италияда барлық спорттық шаралар жанкүйерсіз өтпек
news-banner7
mobile-news-top

Италия үкіметі коронавирустың таралуына байланысты 3 сәуірге дейін елдегі барлық спорттық шараларды көрерменсіз өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Football Italia.

Бұл ереже Италияның барлық аймақтарына, соның ішінде коронавирус әсер етпеген аймақтарға да қолданылады. Сондай-ақ құжатта клубтардың ойыншылар мен қызметкерлердің жұқтырып алмауын үнемі тексеріп отыруға жауапты екендігі айтылған. Жалпы білім беретін мектептер мен университеттер 15 наурызға дейін жабылады.

Қазіргі уақытта Италияда үш мыңнан астам коронавирус инфекциясы тіркелген. 107 адам қайтыс болды. Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирустың таралу қаупіне байланысты А сериясының 26-турының кейбір матчтарын көрерменсіз өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Кейін бұл кездесулер 13 мамырға ауыстырылды.

Түпнұсқасы: championat.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер