Басқа

Жансая Әбдімәлік Лозанна «Гран-приінде» әлем чемпионатының қатысушысымен тең ойнады

Жансая Әбдімәлік Лозанна «Гран-приінде» әлем чемпионатының қатысушысымен тең ойнады
news-banner7
mobile-news-top

Лозаннада (Швейцария) әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при кезеңі жалғасуда. Қазіргі уақытта үш тур өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық халықаралық дәрежедегі шебер Жансая Әбдімәлік 2-айналымда қара фигурамен грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзеден жеңіліп қалды.

3-ші турда қазақстандық шахматшы жақында өткен әлем чемпионы атағы үшін болған матч қатысушысы ресейлік Александра Горячкинаға қарсы ақ түспен ойнап тең түсті.

Үш турдың қорытындысы бойынша, Жансаяның еншісінде 1 ұпайға, ол 10-орында тұр. 4-турда Әбдімәлік Ресей шахматшысы Александра Костенюкке қарсылас атанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер