Басқа

ХОК басшысы: Олимпиада ойындарын өткізбеу немесе ауыстыру туралы сөз болған жоқ

ХОК басшысы: Олимпиада ойындарын өткізбеу немесе ауыстыру туралы сөз болған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

ХОК басшысы Томас Бах ұйымның атқарушы комитеті отырысында коронавирустың таралуына байланысты Токиода өтетін Олимпиада ойындарының өткізілмеуі мүмкін екені туралы сөз қозғалмағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

«Атқарушы комитеттің отырысында ойындардың күшін жою немесе кейінге қалдыру туралы бірде-бір сөз болған жоқ. Біз бірлескен жұмыс тобын құрдық және кездесулер өткізіп отырамыз. Біз болашақ оқиғалар туралы теориялық негіздеме жасамаймыз.

Мен теориялық тұрғыдан бірдеңе айтып, отқа май құйғым келмейді. Бізде бірқатар проблемалар бар, бірақ біз жұмыс істеуге ғана бел буып отырмыз», - деді Бах ХОК брифингінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер