Басқа

Коронавирус: Олимпиада алауы эстафетасына қатысушылардың температурасы үнемі тексеріледі

news-banner7
mobile-news-top

Коронавирустың өршуіне байланысты Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары олимпиада алауы эстафетасын шектейді.

Эстафетаға арналған шаралар қысқарады, оның кезеңдерінде қарапайым көрермендер шектеледі, жарысқа қатысушылардың температурасы үнемі тексеріледі. Егер қандай да ауру белгілері табылса, олар жарысқа қатыспайды.

Олимпиада алауы эстафетасы 26 наурызда Фукусима префектурасында футбол жаттығу орталығында басталып, 24 шілдеде Токиода Ойынның ашылу күнінде аяқталуы тиіс. Олимпиада алауын жағу, сондай-ақ Грекиядағы эстафета жоспарланған сценариймен өтеді. Алайда коронавирус эпидемиясына байланысты қауіпсіздік шаралары сақталады.

Алауды тұтандыру салтанатының басты дайындығы көрермендерсіз өтеді, ал ашылуда қонақтарды қабылдау тоқтатылады. Қазіргі уақытта Жапонияда мыңдаған адам коронавирусқа шалдыққан, соның ішінде 706-сы Diamond Princess круиздік лайнерінің экипаж мүшелері мен жолаушылары болған. 12 адам көз жұмды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер