Жансая Әбдімәлік әлем чемпионымен тең түсті
Лозаннада (Швейцария) ФИДЕ әйелдер Гран-при сериясынан шахмат турнирі басталды. Байқауға қазақ шахматшысы, халықаралық шебер Жансая Әбдімәлік қатысуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
1-раундта қазақстандық шахматшы қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюньге қарсы ақ тастармен ойнады. Партияда жеңімпаз анықталмай, қарсыластар тең тарқасты.
Келесі ойында Жансая Абдумалик грузин гроссмейстері Нана Дзагнидземен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или