Басқа

Қазақстандық спортшылар Mussanah race week турнирінде топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Оманның Маскат қаласында желкенді спорттан халықаралық Mussanah race week турнирі мәресіне жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында қос қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді. Аталған санат бойынша Карина Жанғазова көш бастап, жарыс жеңімпазы атанды. Ал оның командаласы Яна Белозерова болса Қазақстан қоржынынына қола жүлдені салды.

Айта кетерлігі, аталған жарыс Маскатта (Оман) 24 ақпан мен 1 наурыз арасында өтті.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер