«Оқжетпес» ойыншылар алдында қарызға белшесінен батты

«Оқжетпес» ойыншылар алдында қарызға белшесінен батты

Prosports.kz порталына мәлім болғандай, «Оқжетпес» ойыншылар алдындағы сыйлықақылар бойынша өткен жылдағы қарызын өтемеген.

Көкшелік команданың басшылығы қарыз өтеледі деген кепілдемелік хат жазған еді. Алайда оның мерзімі 31 қаңтар күні өтіп кетті. «Оқжетпес» ойыншылары әлі де ҚПЛ-2019 чемпионатының сыйақыларын, сондай-ақ осы жылдың екі айындағы жалақыларын ала алмады.

Сонымен қатар, ойыншылар ескі жейделерде жаттығуға мәжбүр. Клубта жаңа маусымға арналған ойын формасы да жоқ. Команда қатарына жаңадан қосылған футболшылар үшін бұл таңқаларлық жағдай болды.

Еске салайық, өткен жылы Премьер-лигаға оралған «Оқжетпес» маусымды жетінші орында аяқтаған еді.

 

Тағы да қазақ футболындағы былықтар жайлы: 

«Жалақымның 50 пайызын президентке беруім керек болды». Легионер «Ақтөбедегі» жемқорлық жайлы

Ресейлік бапкер Маминов «Ақтөбені» сотқа бермек

«Шахтер» шетелдік футбол агенттігіне 45 миллион қарыз

Азат Перуашев: Жұрттан қалмайық деп футболға миллиондарды шашып жатырмыз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или