Басқа

Қазақстан құрамасы Karate 1 премьер-лигасынан 4 жүлде алды

Қазақстан құрамасы Karate 1 премьер-лигасынан 4 жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Австрияның Зальцбург қаласында каратеден кезекті Премьер-лига өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарысты 3 қола жүлдемен аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін қос қазақстандық спортшы таласқа түсті. Нәтижесінде, Еркінбек Байтөреев командаласы Дархан Асаділовке жол беріп, татамиге шықпады. Осылайша, Дархан қарсыласының татамиге шықпағанына байланысты автоматты түрде қола жүлде иегері атанды.

67 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Мұса Бексұлтан ел қоржынына екінші қоланы салды. Оның қарсыласы түркиялық Угур Бурак жартылай финалда жарақаттанып, кіші финалдық кездесуге шыға алмады.

84 келіге дейінгі салмақтағы Данияр Юлдашев әлем чемпионатының жүлдегері әзірбайжандық Айхан Мамаевты жеңіп, жарыстың қола жүлдесіне иелік етті.

Ал әйелдер арасында 68 келіден жоғары салмақта София Берульцева испаниялық Марии Торресті ұтып, қола жүллегер болды.

Айта кетерлігі, аталған Зальцбургтегі Karate 1 Премьер-лигасына әлемнің 88 елінен 600-ден астам спортшы қатысты.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер