Басқа

Асәділов Премьер-лига турнирінің қола жүлдесіне таласады

Асәділов Премьер-лига турнирінің қола жүлдесіне таласады
news-banner7
mobile-news-top

Австрияның Зальцбург қаласында кезекті Премьер-лига турнирі өтуде. Бірінші жарыс күнінде ерлер 60, 67, 75 келіде, қыздар 50 және 55 келіде сынға түсті деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан командасының үздігі Дархан Асәділов қола жүлдеге таласады. Ол Испания, Италия, Иордания спортшыларын жеңіп, жартылай финалда македониялық Эмиль Павловтан ұтылды. Еркінбек Байтөреев те ширек финалда македониялық спортшыға есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Сондай-ақ, 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асылбек Мұратов да жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Айта кетелік, бүгін тағы бес салмақта спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер