Ұлттық спорт

Шымкентте көкпар тарту кезінде жаппай төбелес болды

Шымкентте көкпар тарту кезінде жаппай төбелес болды
news-banner7
mobile-news-top

Шымкент маңындағы Ақтас елді мекенінде көкпаршылар жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлеуметтік желідегі таралған видеоларда екі тарап бір-біріне былапыт сөздер айтып, жұдырықтасып, ат үстінде бір-біріне қамшы сілтеп жатқанын көруге болады.

Тау арасындағы Ақтас – жылқышылар ауылы. Бұрын бұл жерде асыл тұқымды жылқы зауыты болған. Ақтаста көкпар жыл сайын ұйымдастырылып келеді, алайда бұрын-солды көкпардың соңы жаға жыртысумен аяқталмаған екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер