Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі кейінге шегерілді

Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі кейінге шегерілді

Күрес түрлерінен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі тағы да кейінге қалды. Бұл жолы аймақтық лицензиялық жарысты өткізуден Қырғызстан билігі бас тартты.

Айта кетелік, Қытайда өтуі тиіс турнир коронавирустың өршуіне байланысты Қырғызстанға ауыстырылған болатын. Алайда, 27-29 наурыз аралығына жоспарланған құрлықтық доданы өткізуден Бішкек те бас тартып отыр.

Қырғызстанның жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирустің қаупі жоғарылауына байланысты жарыс кейінге қалды.

Айта кетелік, бұған дейін таеквондодан Олимпиадаға іріктеу бәсекесі Қытайдан Иорданияға ауыстырылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, наурызда Оңтүстік Кореяда өтуі тиіс шорт-тректен әлем чемпионаты да белгісіз мерзімге шегеріліп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или