Пиерос Сотириу: Мен «Астанаға» барлық турнирде топ жару үшін келдім
«Астана» екі күннен кейін Суперкубок аясында «Қайсарға» қарсы ойнайды. Осы орайда, қысқы үзілісте Қазақстанның алты дүркін чемпиондарының қатарын толықтырған Пиерос Сотириу клубтың баспасөз қызметіне арнайы сұхбат беріп, жаңа командасына бейімделу барысын, алдағы Суперкубок аясындағы кездесу туралы өз пікірін бөлісті.
<span>- Мен АПОЭЛ сапында УЕФА Еуропа лигасы аясындағы кездесу үшін Қазақстан астанасына келіп, клуб құрамындағы деңгейі жоғары ойыншыларды көріп таң қалғаным рас. Өткен маусымда құрама команда сапында тағы да осы елге жолым түсіп, жергілікті тұрғындардың ерекше мейірімді екендігін аңғардым. «Астана» футбол клубы сапында алаңға шығатын сәтімді асыға күтудемін.</span>
- Алдағы маусымнан не күтесіз?
<span>- Біз ең алдымен Қазақстан Суперкубогында топ жарып, ішкі біріншілікте чемпион атанып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз. Команда алдына жүктелген міндеттерді орындау үшін барымды саламын.</span>
- Бапкерлер құрамымен, командамен алғашқы кездескен сәтіңіз туралы айта аласыз ба?
<span>- Мені өте жылы қабылдады. Сондықтан да өзімді осы ортада бірден жайлы сезіндім. Бас бапкер маған команданың алдағы жоспары мен маусымға қойған міндеттерін түсіндіріп берді. Ал команда құрамындағы барлық ойыншылар маған бейімделуге көмектесетін болады.</span>
- Алда Қазақстан Суперкубогы аясындағы кездесу. Бұл ойынға қаншалықты дайынсыз?
<span>- Мен бұл жерге барлық турнирде топ жару үшін келдім. 29 ақпан күні өтетін ойын – маусымды Суперкубоктағы жеңіспен бастайтын керемет мүмкіндік. Алда бізді қиын ойын күтіп тұр. Дегенмен, біз бұл титулға қол жеткіземіз деген үміттемін.</span>
«Астана» Кипр құрамасының шабуылшысын қатарға қосты