Басқа

Алматыда өтетін фристайлдан Әлем кубогы кезеңдеріне 17 елдің спортшылары қатысады

news-banner7
mobile-news-top

28 ақпанда Алматы қаласында Mountain Ski Resort Oi-Qaragai Lesnaya Skazka курортында фристайлдан FIS әлем кубогының кезеңдері басталады.

Бүгін ұйымдастырушылар Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Олар дүбірлі додаға қалай дайындалып жатқаны туралы айтты. Дүниенің әр түкпірінен кіл мықты спортшылардың басын біріктіретін жарысқа әлемде таралып жатқан коронавирус қалай әсер ететіндігін түсіндірді.

Фристайлдың могул және шаңғы акробатикасы түрлерінен сайысқа 17 елден спортшылар келеді. Көрермендер Еуропа, Азия, АҚШ, Канада, Ресей арналары арқылы тікелей тамашалай алады. ҚР Шаңғы спорты қауымдастығының бас хатшысы Асқар Уәлиевтің айтуынша, коронавирусқа байланысты шетелдік спортшылардың Қазақстанға кіруіне қатысты аздаған кедергілер болғанымен, қазір қауіптенетін себеп жоқ.

«Шаңғы акробатикасына қатысатын Минск, Киев, Ыстанбұл қалаларынан келген спортшылар соңғы 2 айда Қытай аумағында болмаған. Біз олардың төлқұжаттарын алдын ала тексердік. Барлық команда аман-есен келді. Әуежайда ҚР ДСМ талаптарына сай тексеруден өтті. Қазір олардың барлығы қонақ үйлерге орналасты. Дайындықты бастап кетті», - деді Асқар Уәлиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер