Әбілхан Аманқұл: Олимпиадаға жолдама алу үшін барымды саламын

Әбілхан Аманқұл: Олимпиадаға жолдама алу үшін барымды саламын

<span>Бокстан Қазақстан командасы Иорданияның Амман қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындық үстінде. 28 ақпан күні ұлттық құрама спортшылары іріктеу додасына аттанады. Олардың қатарында 75 келіде сынға түсетін Әбілхан Аманқұл да бар.  </span>

<span>Әбілханның айтуынша, жаттығу жиындары жоспар бойынша өтуде, боксшылар тас-түйін дайын.  </span>

<span>- Әрине, лицензиялық турнирдегі міндет жалғыз - Олимпиада ойындарына жолдама алу. Сол үшін бар күшімді саламын. Өздеріңіз білесіздер, біраз уақыт бойы жарақатыма байланысты жарыстардан сырт қалдым. Бірақ бүгінде ота жасалып, толықтай қалпыме келіп, бабыма ендім деп айта аламын. Бапкерлердің таңдауы маған түсті, сондықтан, олардың үмітін ақтауға тырысамын. Ал менің салмағымдағы Тұрсынбай Құлахметтің кәсіби боксқа ауысуы туралы қандай да пікір айта алмаймын. Әркімнің өз таңдауы бар. Жаттығу жиыны толығымен жоғары деңгейде өтті. Бізге шаршы алаңда жұдырықтасып, жолдама иелену ғана қалды, - дейді Әбілхан.  </span>

<span>Айта кетелік, Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатының және Азия ойындарының күміс жүлдегері. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или