Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогында бақтарын сынады
Триатлоннан Қазақстан командасы Таиландтың Районг қаласында өткен Азия кубогында бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып.

Турнирге әлемнің 19 елінен 93 атлет қатысты. Жарыс негізінен спринтерлік қашықтықтар бойынша өткізілді. Кубок қорытындысы бойынша, Қазақстан сапынан ең үздік көрсеткішті Арина Шульгина тіркеді. Ол 1 сағат 00 минут 09 секунд нәтижесімен төртінші орынға табан тіреді. Ғазиза Құмақбаева 17-ші орында.
Әйелдер арасындағы бәсекеде жапониялық Аои Курамото мен Сарика Накаяма тиісінше алтын және күміс жүлдегер атанды. Ал канадалық Эми Легольт қола медаль иеленді.
Ерлер арасында сынға түскен Семен Пивоваров 15-ші, Даниил Зубцов 37-ші, Александр Автушк 39-шы орында. Бұл бәсекеде алтын медальді жапониялық Такуми Ходжо жеңіп алды. Күміс пен қола швейцариялық Флорин Сальвисберг пен жапондық Юичи Хосоданың еншісінде.