Бобыржан Момынов: Ауа-райына, көңіл-күйімізге, жыл мезгіліне қарамай тер төгіп жатырмыз
Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (10-0, 8 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр.
– Кезекті ауыр дайындығымыз өткіздік. Ауа-райына, көңіл-күйімізге, жыл мезгіліне қарамай тер төгіп жатырмыз. Ал енді келесі жекпе-жегім жайлы. Келіссөздер жүріп жатыр. Жақында бір шешімге келеміз, - деп жазды боксшы
Айта кетейік, Бобыржан Момынов соңғы жекпе-жегін 23 наурыз күні өткізіп, америкалық Джонатан Стильді (9-6-1, 6 КО) жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или