Абзал Ажғалиев шорт-тректен әлемдік рейтингте үшінші орында келеді
Қазақстандық шорт-трекші Абзал Ажғалиев биылғы маусымдағы алты әлем кубогының нәтижесі бойынша жалпы есепте үздік үштікті түйіндеп тұр. <br />Абзал 16 ақпан күні Нидерландыдағы турнирде 500 метрге жарыста қола медаль жеңіп, 6400 ұпай еншіледі. Жалпы алты әлем кубогының нәтижесі бойынша 24,664 ұпай жинап, рейтингте үшінші орынға жайғасқан. <br />Венгриялық спортшы Шаолинь Шандор Лю 50096 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында қытайлық 32171 ұпаймен У Дацзинь орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или