Рыбакина Санкт-Петербург WTA Premier турнирінің финалына шықты

Рыбакина Санкт-Петербург WTA Premier турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Санкт-Петербург қаласындағы WTA Premier турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай финалда Рыбакина Греция өкілі Мариа Саккариға қарсы өнер көрсетті. 1 сағат 57 минутқа жалғасқан кездесу үш сетті 3:6,7:5,6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. <br />Финалдық кездесуде отандасымыз Александрова және Бертенс жұбының үздігімен кездеседі. <br /><br />

Бұл  Рыбакинаның биылғы маусымдағы WTA турнирлерінде үшінші рет финалға шығуы. Алғашқы екеуінің біреуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліс тапқан. <br />Санкт-Петербург қаласындағы турнирдің жеңімпазы 146,500 АҚШ долларын иемденеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или