Асланбек Кәкімов «Шахтер» сапына ауысты
Ақтөбе футболының түлегі Асланбек Кәкімов қарағандылық «Шахтер» қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қаңтардың басында Кәкімов «Тобыл» футболшысы атанған еді. Үш аптадан кейін жартылай қорғаушы отбасылық себептермен Қостанайдан кетіп қалды. Асланбектің өзі «Тобылдан» кетуін былай деп түсіндірді:
«Отбасылық себептермен Ақтөбеге қайтуым керек болды. Қазір туған-туыстарымның жанында болуым керек. Жағдай сол болып тұр».
Үлкен футболдағы мансабын «Ақтөбе-Жас» сапында бастаған, Кәкімов 2016 жылдың 12 наурызында «Ақтөбе» жейдесінде алғаш рет Премьер-лигада матч өткізді. Жалпы, «ақ-қызылдар» қатарында жоғарғы чемпионатта 90 ойында алаңға шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или