Недовесов Челленджер турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Францияның Шербурінде өтіп жатқан Челленджер сериясының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы матчта ол екі сағат бес минутқа созылған үш партияда Беларусь өкілі Владимир Игнатикті 6:3, 3:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.
Келесі ойында Александр Недовесов испандық Бернабе Запата Миральеспен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или