Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды
Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өз салмағындағы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
«Маған чемпиондық титул керек. Қайдасыңдар, чемпиондар? Егер жұдырықтасқыларың келмесе, маған белбеуімді беріңдер», – деп жазды Жәнібек Твиттерде. Бұл жазбасына ол жаттығуының видеосын қосқан.
Бұған дейін Әлімханұлы <span>WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы </span>Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырған болатын. Сондай-ақ <span>WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло мен WBA чемпионы Сауль Альвареспен де кездесуге дайын екенін айтқан еді. </span>
I need a championship title. Where are you champions? Let's fight. If you don't want to fight, just give me my title QAZAQ STYLE pic.twitter.com/UfLmWlMjwZ
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) February 9, 2020
<span>Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты</span>
Жәнібек Әлімханұлының соңғы жекпе-жегі туралы фильм шықты. Видео