Қазақстан боксшылары Мажарстаннан олжалы оралды

Қазақстан боксшылары Мажарстаннан олжалы оралды

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкайды еске алуға арналған 64-ші халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Финалдық кездесулерде Қазақстанның төрт өкілі өнер көрсетті. 52 келі салмақта Сабырхан Махмуд үндістандық Лалит Прасад Полипаллиді төрешілердің шешімімен жеңсе, Айбек Оралбай (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) үндістандық Гаурава Чауханды ұтып, екінші алтынды қоржынға салды. 

69 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Талғат Шайкен финалдық жекпе-жекте Франция өкілі Вахид Хамблиден жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында жалғыз алтын медалды Римма Волосенко (64 келі салмақта) жеңіп алды. Ол финалда ресейлік Екатерина Динниктен жеңді.

Бұған дейін Айдос Арапов (57 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (81 келіге дейін), Дамир Тойбай (91 келіден жоғары) және Марина Вольнова (69 келіге дейін) Иштван Бочкай мемориалының қола медалін жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или