Айза Мамбекова төрт құрлық чемпионатында бақ сынады
Сеулде мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі жалғасуда. Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан Айза Мамбекова өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 37,91 ұпай иеленіп, 21-ші орынға тұрақтады.
Бірінші орында жапониялық Рика Кихира (81,18). Екінші орында америкалық Брэди Теннел (75,93), үшінші сатыда кореялық Ю Юнг (73,55) келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или