Венгриядағы турнирдің 1/2 финалына өткен қазақстандық боксшылар анықталды
Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бошкай мемориалында жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды.
52 келіде сынға түскен Махмұд Сабырхан испаниялық Мартин Молинаны ұтып, 1/2 айналымға өтті. Сондай-ақ, Айдос Арапов ширек финалда Италия өкілі Джанлука Руссоны жеңді.
69 келідегі Талғат Шайкен тағы бір италиялық спортшы Джанлука Маланьиді ұтты. Ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлар да турнирдің жартылай финалында жұдырықтасады. 81 келідегі Нұрбек Оралбай ресейлік Расул Алиевтен, 91 келідегі Айбек Оралбай испаниялық Эмануэель Рейестен басым түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или