Қазақстандық боксшының Испаниядағы жекпе-жегі өтпейді

Қазақстандық боксшының Испаниядағы жекпе-жегі өтпейді

Қазақстандық боксшы Илья Очкиннің (6-1, 2КО) қаңтар айына жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.

BoxRec сайтының мәліметінше, 23 жастағы боксшы Испанияның Пуэрто-Лумбрерасе қаласында өтетін кеште шаршы алаңға шығуы қажет еді. Алайда белгісіз себептерге байланысты Илья Очкин жекпе-жек өткізбейді. Ол енді сәуір айында шаршы алаңға шығуы мүмкін.

Айта кетейік, Илья Очкин кәсіпқой бокста 2018 жылы ауысқан. Соңғы жекпе-жегінде ресейлік Алексей Тухтаровпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или