Испанияда үстел теннисінен халықаралық жарыс басталды

Испанияда үстел теннисінен халықаралық жарыс басталды

4 ақпан күні Гранадада (Испания) үстел теннисінен ITTF Challenge кезеңінен "Spanish Open" жарысы басталды. Аталған турнирге қазақстандық спортшылар қатысуда.

Қазақстан сапынан "Spanish Open" додасында Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Гулчехра Хусейнова бақ сынауда.

Сайыстың бірінші күнінде Зәуреш Ақашева португалиялық қарсыласын жеңсе, Айдос Кенжеғұлов Англия өкілінен басым түсті. Ал Гүлчехра Хусейнова алғашқы кездесуінде Греция спортшысын ұтса, екінші айналымда Беларусь спортшысына есе жіберді. Анастасия Лаврова бірінші кезеңде чехиялық, екінші ойында Қытайлық Тайбэй өкіліне жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или