Нұрсұлтан Жаңабаев IBF рейтингіндегі орнын жақсартты
Кәсіпқой рингте бірде-бір мәрте қарсыласқа есе жібермеген қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай орта салмақта IBF Pan Pacific титулының иесі Жанабаев рейтингте бір саты жоғары көтеріліп, жетінші орынға тұрақтады. Бұл салмақтағы чемпиондық белбеу американдық <span>Эррол Спенс еншісінде.</span>
Ал рейтингтің көшін өзбекстандық Кудратратло Абдукахоров бастап тұр. Екінші орын бос болса, үшінші орында ресейлік Сергей Липинец.
Естеріңізге сала кетейік, Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 14 тамызда Сиднейде (Австралия) жергілікті боксшы Стив Гагоға (11-1, 4 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жетті.
Нұрсұлтан Жаңабаев: Қытайда маған азаматтық пен пәтер ұсынды