Бублик Монпелье турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Александр Бублик Монпелье турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған швейцариялық Генри Лааксоненмен кездесті.
Бірінші партияда қарсыластар алдымен брейкпен алмасқаннан кейін швейцариялық теннисші 5:3 есебімен алға кетіп, сетке доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Дегенмен ол тай-брейкте басымдылық көрсетті – 7:6 (7:2). Есесіне екінші сетте А.Бублик брейкпен алға шықты – 3:0. Сосын тағы бір брейк жасап, өз геймдерін де бермей, есепті 5:0-ге жеткізді.
Ақыры бұл партияны оңай ұтты – 6:1. Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте швейцариялық спортшы брейк жасай алды. Дегенмен Бублик те қалыспай, таразы басын теңестірді – 4:4. Тай-брейкте бұл жолы қазақстандық теннисші жеңіске жетті - 7:6 (7:2). Тартысты бәсеке 2 сағат 9 минутқа созылды.