Бублик Франциядағы ATP 250 турнирін сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Монпелье қаласындағы АТР 250 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды prosports.kz
Бублик жарыстың бірінші айналымында швейцариялық Лааксоненді тізе бүктірді.
2 сағат 11 минутқа жалғасқан кездесу 6:7,6:1,7:6 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Жарыстың келесі кезеңінде Бублик әлемнің оныншы ракеткасы бельгиялық Давид Гоффенге қарсы ойнайды.

Монпелье қаласында өтіп жатқан турнирдің жалпы жүлде қоры 606,350 еуроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или