Исламхан: Азия Чемпиондар лигасында бақ сынағым келеді

Исламхан: Азия Чемпиондар лигасында бақ сынағым келеді

«Аль-Айн» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатындағы дебюттік матчтан кейін сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 - Мен бұл жерде өзімді үйде жүргендей сезініп жүрмін. Командаға, жаттықтырушылар құрамына және клуб басшылығына рахмет. Мен команданы жеңісімен құттықтағым келеді. Бұдан да жақсы ойнауға тырысамыз.

 - Неліктен сіз Аль-Айнды таңдадыңыз?

- «Зенит» сапында оқу-жаттығу жиынында болдым. Бірақ кейін олар маған қоңырау шалды. Мен осында келуді шештім. Команда өте мықты, әйгілі, бірнеше рет чемпион болған. Мен өз күшімді Азия Чемпиондар лигасында сынап көргім келеді.

- Сіз тек 6 айға келісімшартқа отырдыңыз. Сіз Чемпиондар лигасында жақсы ойын көрсету командаға жылдам сіңісіп кете аласыз ба?

- Команда, жаттықтырушылар, басшылық мені жақсы қабылдады. Қалғаны - менің ісім. Жаттығу, алаңда командаға көмектесу. 

 - Жанкүйерлерге не айтқыңыз келеді?

- Мен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді, олар да мені жақсы қабылдады. Біз оларды қуантуға тырысамыз. Қолдау үшін рахмет.

 

Исламхан: Бұл - «Реалға» күш көрсеткен клуб

Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» сапындағы алғашқы матчын өткізді

Мәскеуден Глазгоға дейін. Исламханға кімдер «көз тікпеді?» 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или