Джокович Australian Open турнирінде топ жарды

Джокович Australian Open турнирінде топ жарды

Бүгін, 2 ақпанда Австралия ашық чемпионатының ерлер арасындағы жекелей жарысының финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық сында әлемнің екінші ракаткасы, сербиялық Новак Джокович пен әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған австриялық Доминик Тим кездесті.

3 сағат 59 минутқа созылған аса тартысты кездесуде сербиялық теннисші 4:6, 6:4, 6:2, 3:6, 4:6 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Джокович өткен жылы да Australian Open турнирінде топ жарған. Ал Тим мұндай ірі турнирдің ақтық сынында алғаш рет өнер көрсетіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или