«Аль-Айн» футбол клубы туралы не білеміз ?
Аль-Айн футбол клубы туралы не білеміз ?
Исламхан қандай командада доп теуіп жүр ?
«Аль-Айн» Біріккен араб әмірліктерінің Эль-Айн қаласының жергілікті командасы. Команда 1968 жылы құрылған. Өз алаңындағы матчтарын «Газза Бин Зайед Стэдиум» және «Тахнун Бин Мохамед Стэдиум» стадиондарында өткізеді. Қазіргі кезде БАӘ футбол лигасында өнер көрсетеді.
Команданың эмблемасында Эль-Айн қаласының басты символы Аль-Джахили қорғаны бейнеленген. Ал үстінде орналасқан бір жұлдыз , команданың ел біріншілігінде 10 рет топ жарғанын білдіреді. Команда күлгін түсті жейдеде өнер көрсетеді.
«Аль-Айн» Біріккен араб әмірліктерінің 13 дүркін чемпиондары. 7 рет БАӘ кубогында топ жарған. 5 рет ел суперкубогының жеңімпазы атанған. Басты жетістіктерінің бірі 2003 жылғы Азия чемпиондар кубогында жеңіске жетуі. 2018 жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шығып, Зидан баптайтын мадридтік «Реалға» есе жіберді. Жарыстың ширек финалында жаңазеландиялық «Тим Веллингтон» футбол клубына 3:0 есебімен жеңіліп жатып, жанкүйерлер есінде қалатындай камбэк жасаған.
2014-2017 жылдар аралығында команданы Хорватия құрамасын 2018 жылғы әлем чемпионтаның финалына дейін жеткізген Златко Далич тізгіндеген. Команданы 2019 жылдан бері хорватиялық маман Иван Леко баптайды. Командада Бауыржаннан басқа 5 легионер өнер көрсетеді.
Бауыржан Исламхан «Аль-Айнмен» 5 айлық келісімшартқа қол қойды. Егер Бауыржынға барлығы ұнаса, келісімшартты создыруы мүмкін. Немесе бес айдан кейін Бауыржан Ресей біріншілігіне ауысуы да ғажап емес. Себебі 1 шілдеден бастап қазақстандық футболшылар Ресейде легионер болып есептелмейді.
Әзірге Исламхан жаңа командасында бір кездесуге қатысып, 1 нәтижелі пас авторы атанды. Бауыржанның БАӘ футбол лигасында жақсы өнер көрсетуіне сенім мол.