София Кенин Австралия ашық біріншілігінде топ жарды
Америкалық теннисші София Кенин Австралия ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы сынында жеңімпаз атанды. <br />
Финалдық кездесуде Кенин испаниялық Гарбинье Мугурусаны үш сетте 4:6,6:2,6:2 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 5 минутқа жалғасты. <br />Бұл 21 жастағы теннисшінің спорттық мансабындағы алғашқы «Үлкен дулыға» турниріндегі жеңіске жетуі. Келесі аптадан бастап София Кенин рейтингте әлемнің үздік он теннисшісі қатарына кіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или