Сұлтан Зәуірбек: Шоу үшін қазақ жігітіне жат қылық жасамаймын

Сұлтан Зәуірбек: Шоу үшін қазақ жігітіне жат қылық жасамаймын

WBC Youth белбеуінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында өткен жылды қорытындылап, алдағы жылға қойған мақсаттарын бөлісті.

- Өткен жылға өз-өзіңе қандай баға бересің, Сұлтан?

- Бір жылда тоғыз жекпе-жек өткіздім. Оның көбі Лондонда болды. Жақсы қарсыластар енді шығады. Өткен жылы WBC тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы чемпиондық белбеуді жеңіп, рейтингте 36- орынға көтерілдім. Алдағы жылы белбеуімді қорғау - мақсатым.

- Әуесқой бокста біршама жетістіктерің бар, Олимпиада шыңын бағындырмай кәсіпқой боксқа кеткеніңе өкініш жоқ па?

- Барлық спортшы Олимпиада чемпионы болуды армандайды ғой. Қазір әттеген-ай деген жоқ. Себебі алдыма мақсат қойып, кәсіпқой боксқа ауыстым. Англиядағы MTK Global ұйымымен бес жылдық келісімшартым бар. Промоутерім жақсы жұмыс атқарып жатыр. Бапкерім Анхель Фернандес білгенін үйретіп жүр. Менен бөлек әлем чемпионы Энтони Джошуаны жаттықтырады.

- Отандастарымыз мұхит асып АҚШ немесе Канадада өнер көрсетіп жүр. Сенің англиялық MTK Global-ды таңдауыңа не себеп болды?

- Әрине АҚШ бокстың отаны десек болады. Бірақ Англияда да бокс жоғары деңгейде дамыған. Англияда әлемге танымал компаниялар бар. МТК-ны таңдаған себебім - бұл әлемге танымал ұйым. Олар көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Бір жылдың ішінде бірнеше елде жекпе-жек өткіздім, бір белбеу жеңіп алдым. Болашақта есімім әлемге әйгілі болғанда Америка Құрама Штаттарын да бағыныдыруды ойлаймын.

- Сен үшін кәсіпқой бокс бизнес пе әлде спорттық мансап па?

- Менің ойымша кәсіпқой бокс ол – бизнес. Барлық спортшы басында чемпион болсам деп келеді. Бірақ қазіргі кезде ақша маңызды рөл атқарады. Себебі спортшылар чемпион болу үшін қаншама денсаулығын құрбан етеді десек болады. Кәсіпқой бокспен қоштасқан соң емеделетін ақша керек. Мен енді кәсіпқой бокста бизнеске де спорттық жағына да көңіл бөлуге тырысамын.

- Шаршы алаңға маска киіп, әсерлі түрде шыққан видеоларың бар. Ол шоу жасауға тырысқаның ба?

- Иә, менің менеджерлерім бар, бапкерлерім бар, солар маған былай істе немесе былай істе деп әртүрлі шоу жасайтын әрекеттерді айтады. Олар айтқан көп затты істемеймін. Себебі шоу ушін қазақ жігітіне жат қылық істемеймін. Бір жағынан әлсіз қарсыласқа ондай әрекеттер жасауға болмайды деп ойлаймын. Егер аты әлемге танымал боксшыға қарсы сондай әрекеттер жасасам, ол әдемі көрінуші еді. Аты шыққан боксшыларға қарсы қандай шоу істесең де жарасады. Үлкен жекпе-жектер алда. Сол үшін көрермендерімді әлі талай таңғалдырамын деп ойлаймын.

- Кәсіпқой бокстағы табысың қалай?

- Қаржылай табысым ойдағыдай. Қазіргі деңгейіме лайықты ақша тауып жүрмін. Әрине әуесқой боксқа қарағанда әлдеқайда жоғары. Кәсіпқой бокс ол - үлкен бизнес. Англияда фунт стерлингпен жалақы аламын. Қазақстанда ол жақсы ақша десем болады.

- Ел намысын қорғап жүрген бауырым деп, қолдау көрсететін ағалар бар ма?

- Иә, қолдау көрсететін ағаларым бар. Есімдерін айтпай-ақ қояйын. Жекпе-жекке кетер кезде, жеңіске жетіп елге оралған соң қонақ қылып, қолдау көрсетіп отырады. Ол кісілерге алғысым мол. Ертең чемпион болғанда бізді ұмытып кетпе деп қалжыңдап қояды.

- Қазіргі кезде кәсіпқой бокстағы үздік үш қазақстандықты атасаң?

- Бірінші орында сөзсіз Геннадий Головкин. Менің ойымша рейтинг жағынан болсын ол Батыр Жүкембаев. Ал үшінші орында Жәнібек Әлімханұлы.

- 2020 жылға жоспар қандай ?

- Қазіргі кезде Алматыда өткізген соңғы жекпе-жегімде алған жарақатымды емдеп жатырмын. Бірақ жаттығуды тоқтатқаным жоқ. Алдағы жылы 4-5 жекпе жек өткіземін деп жоспарлап отырмыз. Енді 10 раундтық жекпе-жектер өткіземін. Сол себептен ай сайын жұдырықтаса беруге болмайды. Осы жылдың соңында WBA International белбеуі үшін жұдырықтасуым мүмкін. Не болмаса, WBC International белбеуі үшін жекпе-жек өткізуім әбден мүмкін. 2020 жылы жанкүйерлерімді үлкен жеңістеріммен қуантуға бар күшімді саламын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или