Голубев пен Недовесов АТР Challenger турнирінің финалына шықты

Голубев пен Недовесов АТР Challenger турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Францияның Кемпер қаласында өткен ATP Challenger турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз  британиялық жұп Скотт Клейтон мен Ллойд Глуссполды 6: 0, 6: 4 есебімен жеңді

Финалда Недовесов пен Голубев Иван Сабанов (Хорватия) / Матей Сабанов (Хорватия) - Адиль Шамасдин (Канада) / Пурув Раджа (Үндістан) жұптарының жеңімпаздарымен ойнайды.

Айта кету керек, бұл финал қазақстандықтар биылғы маусымда екінші рет финалға шығып отыр. Бұған дейін олар Бангкоктағы Challenger жеңімпазы атанған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или