Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін
Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін Қазақстанда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшолушысы Майк Коппинджер Twitter желісіндегі парақшасына жазды. Дереккөздің хабарлауынша, Головкин рингке 11 сәуірде шығады. Оның қарсыласы Польша боксшысы Камил Шеремета болмақ.
Қазақстаннан басқа, Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) кездесуді ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Головкин бұрын бірнеше рет туған елінде жекпе-жек өткізгісі келетінін бірнеше рет баса айтқан еді.
Еске сала кетейік, Геннадий соңғы кездесуін 2019 жылдың қазан айында өткізген болатын. Ол төрешілердің шешімі бойынша Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Ал Шеремета сол бокс кештің андеркардында Оскар Кортесті нокаутқа жіберді.