Головкин поляк боксшысымен Қазақстанда жұдырықтаса ма?

Головкин поляк боксшысымен Қазақстанда жұдырықтаса ма?

The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин сәуір айында титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дерек көздеріне сүйенсек, 11 сәуір күні DAZN ұйымдастыратын бокс кешінде Головкин - Шеремета арасында титулды жекпе-жек басты оқиға болады. Шара Чикагода немесе Геннадийдің отаны Қазақстанда өтуі мүмкін. Головкин қазан айында Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иемденді» - деп жазды Коппинджер өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагода өтеді деп жоспарланған еді. Себебі онда поляк диаспорасы көп шоғырланған. 

Головкин 2020 жылдағы алғашқы жекпе-жегіне дайындықты бастады

Головкиннің жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или