Қамшыбек Қоңқабаев: Бірлескен оқу-жаттығу жиындары қарсыласты жаңа қырынан тануға көмектеседі

Қамшыбек Қоңқабаев: Бірлескен оқу-жаттығу жиындары қарсыласты жаңа қырынан тануға көмектеседі

Нұр-Сұлтанда бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Olympic.kz сайты 91 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғайтын былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаевпен тілдесіп, жаттығу барысымен танысты.

<span>«Бірлескен оқу-жаттығу жиыны осыған дейін Куба, Венгрия, Жапония сындық мықты мемлекеттің командаларымен өткіздік. Қазіргі таңда Ұлыбритания, Германия, Беларусь сынды мемлекеттің ұлттық құрамаларымен бірлесе тәжірибемізді шыңдап жатырмыз. Қарсыластар жарыс кезінде басқа, жаттығу кезінде басқа болады. Осындай бірлескен жаттығулар біздің қарсыластарымызды жаңа қырынан тани түсуге көмектеседі.</span>

<span>Бокстан құрлықтық лицензиялық турнирдің уақыты бір айға алға жылжыды. Уақыт пен жарыс өтетін жерге қарамастан дайындықты үдетіп, бар күш жігерімді саламын. Бокстан жалпы екі лицензиялық турнир жоспарланғанымен, нақты кімдердің баратынын бапкерлер құрамы жақындағанда шешеді, - дейді ұлттық құраманың көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев.</span>

<span>Айта кетерлігі, бокстан бірлескен оқу-жаттығу жиындары Нұр-Сұлтан қаласында 2 ақпанға дейін жалғасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или