Australian Open: Надаль жарыс жолынан шығып қалды
Ерлер арасындағы теннистен әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль беделді Australian Open турнирінің ширек финалынан әрі аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Испаниялық теннисшінің жолына әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Доминик Тим кедергі болды. Төрт сағаттан астам уақыт созылған матчтың үш сеті тай-брейкке дейін созылды. Үшеуінде де австриялық теннисші басым болды. Рафа болса, бір сетті ғана өз еншісіне жазды - 6:7, 6:7, 6:4, 6:7.</span>
<span>Жартылай финалда Доминик Тим неміс теннисшісі Александр Зверевпен кездеседі. Финалға шығу үшін екінші жұпта Роджер Федерер мен Новак Джокович таласады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или