Кукушкин мен Бубликтің жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Михаил Кукушкин Australian Open-2020 турнирінің 1/2 финалындағы қарсыластарының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұптық сынның жартылай финалында жерлестеріміз америкалық Раджив Рам мен британиялық Джо Солсбери жұбымен кездеседі.
35 жастағы Рам жекелей рейтингте 629-шы, жұптық бәсеке бойынша 22-ші сатыда тұр. Ал 27 жастағы Джо жұптық рейтингтe 21-ші сатыға жайғасқан. Спортшы жекелей сында өнер көрсетпейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или