Әбілхан Аманқұл: Жарақатымнан айығып, қатарға қосылдым

Әбілхан Аманқұл: Жарақатымнан айығып, қатарға қосылдым

Бұл күндері бокстан Қазақстан командасы Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Ғалымбек Кенжебаев баптайтын қазақстандық спортшылар наурыз айында Иорданияның Амман қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындық үстінде.

Қарқынды жаттығу жүргізіп жатқан спортшылар қатарында әлем чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері Әбілхан Аманқұл да бар. 75 келіде сынға түсетін ол жаттығуы жайлы пікір білдірді.

- Лицензиялық турнирге дайындық ойдағыдай өтіп жатыр. Құрама команда спортшылары бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарына қатыстық. Алматыда Куба, Венгрия және Жапония боксшыларымен бірлескен жаттығу жиыны өтті. Бұл бізге үлкен тәжірибе сыйлағаны сөзсіз. Алда бізді лицензиялық турнир күтіп тұр. Әзірге, бұл бәсекеге қатысатын спортшылар есімі әлі белгісіз.

Оның үстіне, іріктеу турнирін өткізетін уақытты Қытайдағы қауіпті вирусқа байланысты тағы бір айға кейінге қалдырды. Дегенмен, жарыстың шегерілгені бізге кері әсер етпейді. Керісінше, жаттығуды одан әрі күшейтетін боламыз. Мен біраз уақыт бойы жарақатымды емдеген болатынмын. Бүгінде жарақатымнан айығып, команда қатарына қосылдым", - дейді Әбілхан.

Айта кетелік, бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі 3-11 наурыз аралығында Иорданияның Амман қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или